Жаңалықтар

18.05.2017
Алға ауданындағы кешенді жаттығу

Ағымдағы жылдың 16-18 мамыры аралығында Ақтөбе облысының басқару органдарын және азаматтарды қорғау бойынша 2017-2019 жылдарға арналған іс-шараларына жоспарына сәйкес Алға ауданының аумағында «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде немесе қауіп төнгенде басқару органдарының, авариялық – құтқару қызметтері мен тұрғындардың іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша аудандық кешенді жаттығу өткізілді. Жаттығуға Алға қаласының және аудандық әкімдіктердің төтенше жағдайлар бөлімдері, эвакуациялау органдары, АҚ қызметтері, авариялық-құтқару қызметтерінің ұйымдары мен құрылымдары тартылды.
17.04.2017
Мал ұрлығының алдын алу

Бекітілген ведомствоаралық жоспарға Ақтөбе облысының ветеринария басқармасының, ҚР АШМ Ветеринарных бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының, Облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің және Криминалдық полиция басқармасының өкілдерімен ағымдағы жылдың қаңтары мен наурыз айлары аралығында қала базарлары мен мал базары аумағында рейд жүргізілді.
30.03.2017
Ветеринариялық сұрақтар бойынша көшпелі жиналыс өткізілді

Ағымдағы жылдың наурыз айының 15-17 күндері аралығында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Ж.Жұлдызбаевпен Ақтөбе облысының ветеринария басқармасының ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы К.Килибаева бірлесіп Алға, Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандарына сол ауданның ветеринария бөлімінің мамандарының, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы басшысының және аталған аудандардың ветеринария бөлімдері мамандарының қатысуымен көшпелі жиналыс өткізді.
Күн тәртібінде облыс бойынша эпизоотологиялық ауқат, жануарларды вакцинациялау, соның ішінде биопрепараттардың нұсқауы бойынша пайдалану мен дұрыс сақтау мәселелері талқыланды.
Бұл жиналыста ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету туралы және ірі қара малдардың нодулярлық дерматиті бойынша сұрақтар қаралды.
28.03.2017
Жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күннің күрделі бір мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл құбылыстың қоғамға тигізер зардабы мол екені белгілі.
Ата-бабаларымыз «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп бағзыдан-ақ бұл кеселден сақтандырған.
Елбасымыз жемқорлыққа қарсы күресте алға қойған міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының тығыз қарым-қатынасы мен кешенді әдістері қажет деп білеміз.
17.03.2017
Паразитарлық және зооантропонозды жұқпалы аурулардың алдын алу

Ағымдағы жылдың 15 наурызында паразитарлық және зооантропонозды жұқпалы аурулардың алдын алу сұрақтары бойынша өндірістік кеңес өткізілді. Кеңеске Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының, Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімінің, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының, Ақтөбе қалалық инспекциясының, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшылары, Ақтөбе облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары және Ақтөбе қалалық ветеринарлық станциясының, Республикалық ветеринарлық зертханасының Ақтөбе облыстық филиалының директорлары қатысты.
06.03.2017
2016-2017 жылдарға арналған Ақтөбе облысының әкімі, облыс прокуроры және ІІД-нің басшысы бірлесіп бекіткен ведомствоаралық басқа біреудің мүлкін ұрлаудың алдын алу іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы өз тарапынан, өз құзырындағы мәселелер бойынша жоспарға сәйкес мал ұрлығының алдын алу мақсатында халық арасында түсіндірме жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. Негізінен мал ұрлау фактілері көбіне ауылдық жерлерде тіркеледі. Себебі бұл ұрлықтар ауылда мал иелерінің немесе жеке қожалықтардың мал ұстауға қойылатын талаптарды орындамай, оған салғырт қарағандықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ветеринария саласындағы заңнамалар мен талаптарының бұзылуына себепші болады.
10.01.2017
Эхинококкоз

Жылауық құрт (эхинококкоз) – лента сияқты құрттардың бір түрі. Олар көбінесе иттің, қасқырдың, түлкінің аш ішегінде өсіп өнеді де, солардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды және қоршаған ортада ұзақ уақыт өсу қабілетін жоғалтпай сақтайды. Асқазанға түскен жылауық құрттың ұрығы сыртқы қабығынан айырылып ішек қатпарларына енеді, содан әрі қан тамырларына түсіп бауыр, өкпе, бүйрек, ми және басқа ағзаларға барып ұялайды. Уақыт өткен сайын ұялаған жерінде жылауық құрт өсіп өне бастайды.
12.12.2016
«9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні»

Басқарма басшысы К.Қанадбаевтың төрағалық етуімен сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне байланысты семинар өткізілді. Семинарға басқарманың қызметкерлері қатысты.
Басқарма басшысы К.Канадбаев мемлекеттік қызметші қызмет бабын пайдаланып сыйлықтар алмау керектігін және сыйлықтарды қабылдаса қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертті. Мемлекеттік қызметшілердің сыйлықтарды қабылдау мен тарту етуге байланысты бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндірді.
Сонымен бірге, басқарма қызметкерлеріне «Сенің жоқ деуіңнің маңызы зор» атты бейне ролик көрсетілді. Сыйлықтан бас тарту – жемқорлықпен күрестегі сенің нақты қадамың!
09.12.2016
Мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес мал иелері сойып сатуға арналған ауылшаруашылығы жануарларын арнаулы мал сою орындарында сойдыруы тиіс.
30.11.2016
Бруцеллез

Бруцеллез - барлық жануарларға, адамға жұғатын инфекциялық ауру. Соның ішінде ұсақ және ірі қара малдарда негізгі орын алады. Түйелер, жылқылар және басқа жануарлар ішінде сирек кездеседі.
Бруцеллезбен ауырған мал негізгі ауру таратушы болып табылады. Бұл аурудың қоздырғышы ауру мал организмінен сүт, несеп, нәжіс арқылы сыртқы ортаға таралады. Бруцеллезбен ауырған мал немесе осы аурудан таза емес мал табыны орналасқан мал қорасы, аула, жайылым, немесе басқа да аумақтар бруцеллездің індет ошағы болып табылады.
14.11.2016
Мемлекеттік ветеринарлық бақылау нысандарына есептік нөмірлер беру туралы

Есептік нөмір-өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код.
Есептік нөмірлер:
07.11.2016
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей Федерациясынан келетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне шектеулер қойды

2016 жылғы 20 қазанда Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) ресми хабарламасы бойынша Ресей Федерациясы Владимир облысының Вышманово ауылы аумағында аусыл ауруы (Foot and mouth disease) тіркелген.
01.11.2016
Ветеринария мәселелері бойынша оқу-семинары өткізілді

2016 жылдың 28 қазанында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бас кеңсесінде ветеринария мәселелері бойынша оқу-семинары өткізілді.
27.10.2016
Сыбайлас жемқорлықтың жолы кесілді

Еліміздің тәуелсіздік алып, еңселі ел болғанына ширек ғасыр өтті. Елбасымыздың арқасында осы аз ғана уақыт ішінде қыруар жұмыстар атқарылып, еліміз бүкіл әлемдік деңгейге көтерілді. Атқарылып жатқан жұмыстардың қатарында мемлекетіміздің күш-қуатын арттыруды мақсат еткен іс-шараларды ерекше атауға болады. Соның бірі — еліміздің ішкі тәртібін күшейту мақсатында қолға алынған сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары. Бүкіл әлемдік тәжірибелерге сүйеніп, бұл жұмыс дереу қолға алынды және аз уақыттың ішінде өзінің нәтижесін көрсетуде.
26.10.2016
Жануарлардың пастереллезіне байланысты шектеулерді алу туралы

2016 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Ресей Федерациясымен ауыл шаруашылық жануарлары мен ет өнімдерін Қазақстан Республикасынан экспортқа шығарылуына пастереллезге ауруына байланысты шектеулер алынып тасталды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына күйіс қайтаратын жануарлар, сондай-ақ генетикалық материалдарды және жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды әкелуге рұқсат берілген.