Ереже

5
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы
«_20___»____09 № ___404__ қаулысымен
бекітілген
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы»мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Осы «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне сәйкес әзірленді және «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын және Ақтөбе облысы аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
Мемлекеттік органның толық атауы:- «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Осы Ереже «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу болады.
16. «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
17. «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп аудандарында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимiн немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешім жобаларын дайындау;
осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп аудандарында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешім жобаларын дайындау;
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім жобаларын дайындау;
уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіруді жүргізу және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізуін ұйымдастыру;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыру;
ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады;
уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту бойынша ұсыныстар енгізу;
жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда); ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау.
ветеринария саласында инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қатысу.
18. Құқықтары мен міндеттері:
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің:
өзіндегі жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыруға;
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік заңды тұлғалар құру туралы ұсыныстар беруге;
гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысуға құқылы.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға;
өз құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
20. «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басшының өкілеттігі:
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасарларының, бөлім басшыларының және басқа да жауапты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
заңнамаға сәйкес «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдық жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
өз құзыреті шегінде «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын және құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан сөйлейді;
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапты болады;
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.