Жануарлардың пастереллезіне байланысты шектеулерді алу туралы

2016 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Ресей Федерациясымен ауыл шаруашылық жануарлары мен ет өнімдерін Қазақстан Республикасынан экспортқа шығарылуына пастереллезге ауруына байланысты шектеулер алынып тасталды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына күйіс қайтаратын жануарлар, сондай-ақ генетикалық материалдарды және жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды әкелуге рұқсат берілген.
Бұл ретте, 2016 жылдың 5 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасынан (Атырау облысынан басқа аймақтардың барлығы) ірі қара мал мен одан жасалған барлық өнімдер түрлерін ХЭБ (Халықаралық эпизоотиялық бюросы) жер жануарларының Санитарлық Кодексінің талаптарына кепілдік беретін ветеринарлық сертификаттары бар болған жағдайда, сонымен бірге міндетті түрде ірі қара мал мен одан жасалған өнімдердің қазақ-ресей шекарасында орналасқан алдын ала тексеру пунктерінен өткізілген кезде және ХЭБ жер жануарларының Санитарлық кодексінің талаптарын сақталуына сәйкес экспортқа шығарылатын болады.