Сыбайлас жемқорлықтың жолы кесілді

Еліміздің тәуелсіздік алып, еңселі ел болғанына ширек ғасыр өтті. Елбасымыздың арқасында осы аз ғана уақыт ішінде қыруар жұмыстар атқарылып, еліміз бүкіл әлемдік деңгейге көтерілді. Атқарылып жатқан жұмыстардың қатарында мемлекетіміздің күш-қуатын арттыруды мақсат еткен іс-шараларды ерекше атауға болады. Соның бірі — еліміздің ішкі тәртібін күшейту мақсатында қолға алынған сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары. Бүкіл әлемдік тәжірибелерге сүйеніп, бұл жұмыс дереу қолға алынды және аз уақыттың ішінде өзінің нәтижесін көрсетуде.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасалынып, оны орындау барысында жоспарланған жұмыстар оң нәтижесін табуда. Соның ішінде 2016 жылдың 9 айы кезеңінде біраз іс-шаралар орындалды. Біріншіден, басқарма басшысының бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты тұлғалар бекітілді. Екіншіден, өз қатарларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүйелі түрде талдау жүргізу және оларды болдырмау бойынша шаралар алынды. Сонымен қатар, басқарма басшысының биылғы жылғы шілдедегі бұйрығына сәйкес басқарма қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан шаралардың қатарына күнделікті ақпарат құралдарын пайдаланудың да маңызы зор. Онда әрбір мемлекеттік қызметші үшін заңдылықтар туралы ақпараттар беріледі.
Тағы бір маңызды іс-шараның қатарына мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларының бұзылуына байланысты ескерту шараларын қолдануды жатқызуға болады. Есептік кезеңде басқарма қызметкерлері арасында «Мемлекеттік қызмет» республикалық журналына жарияланған этика нормаларына байланысты мақала талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша басқарма басшысы К.Қанатбаев этика нормаларын қатаң сақтауды тапсырды. Мемлекеттік қызметшілердің беделі олардың атқарылып отырған жұмысына қалай байланысты болса, этикасы да одан тыс қалмайтындығын ескертті.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және олардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндерін өткізу белгіленді. «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ басшысының 2016 жылға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн» семинарларын өткізу кестесі бекітілді. Осыған байланысты 2016 жылдың басынан бастап басқарма қызметкерлерінің арасында 5 семинар өткізілді.
Осы кестеге сәйкес 2016 жылдың 17 наурызында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн» семинары өткізіліп, жемқорлықтың зардаптарын болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметшілерге заңдылықтар туралы ақпараттар берілді.
2016 жылдың 21 сәуірінде басқарма қызметкерлерінің арасында өткізілген семинарда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары туралы баяндалды. Онда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің маңыздылығы, бұл салада заңсыздықты болдырмау жөнінде сөз болды.
2016 жылдың 19 мамырында бекітілген кестеге сәйкес кезекті семинар өткізіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы баяндама оқылды, басқарма басшысы қызметкерлерге «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамымен бірге бірлескен семинарлар өткізуді тапсырды.
2016 жылдың 18 маусымында өткізілген семинарда ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы К.Келібаева көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы баяндап берді. 2016 жылдың 21 шілдесінде басқарма қызметкерлерінің арасында өткен кезекті семинарда ветеринарлық шараларды талдау, болжау және ветеринарлық есеп бөлімі басшысының 2016 жылдың 1 жартыжылдығында бөлім бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалып, талқыланды.
Басқармада лауазымды тұлғалардың қызмет этикасы, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын сақтаудағы жіберілген кемшіліктерін хабарлау үшін 54-44-26 сенім телефоны үздіксіз жұмыс жасайды. Сонымен бірге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету үшін және ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының нормаларын сақтау мақсатында басқармаға түскен өтініштердің қаралу мерзімдері қатаң бақылауға алынды. 2016 жылдың 9 айы кезеңінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар фактілері анықталған жоқ. Басқармада мемлекеттік сатып алулар туралы әдістемелік ұсыным әзірленіп, қызметкерлердің арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген шаралардың барлығы да сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жасалынды және алдағы уақытта тиісті шаралар одан әрі жалғасын таба бермек.
Айгүл АМАНҚҰЛОВА,
Ақтөбе облысының ветеринария
басқармасы әкімшілік-қаржы
бөлімінің бас маманы
«Ақтөбе» газетіне 2016 жылғы
26 қазанында жарияланды