Ветеринария мәселелері бойынша оқу-семинары өткізілді

2016 жылдың 28 қазанында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бас кеңсесінде ветеринария мәселелері бойынша оқу-семинары өткізілді.
Семинарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдұлданов, «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік мекемесінің ветеринария бөлімінің бас маманы Серік Күлдібаев, «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК Методология, өндірістік бақылау және аккредитациялық бөлімінің өндірістік бақылау жөніндегі бас менеджер сарапшысы Валихан Шоқыбасов, сондай-ақ, облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекция, аймақтағы ветеринария бөлімдерінің басшылары мен мамандары, ветеринарлық станцияның және ауылдық ветеринарлық пункт меңгерушілері, мал дәрігерлері қатысты. Семинарда жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қалыптасқан эпизоотиялық ахуал және қолданыстағы ветеринария саласындағы кейбір заңдылықтарға енгізілген өзгерістер туралы айтылды.
Оқу-семинарға қатысушыларға үлкен экран арқылы «Республикалық ветеринарлық зертхананың» өндірістік іс-шаралары, сондай-ақ, инфекциялық аурулардан қолайсыз ошақтардағы сауықтыру іс-шараларын жүргізу ережелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, ветеринария саласындағы көптеген мәселелер талқыланып, мамандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.