Жобалар

12.01.2020
жоба
Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы №__ 2020 жылғы «__» қаңтар
Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 5 маусымдағы №122 «Ақтөбе облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 5 маусымдағы №122 «Ақтөбе облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3601 тіркелген, 2013 жылғы 11 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
23-1 - 23-6-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«23-1. Қоғамдық жерлерде(көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері уақытша байлаулы күйінде қалдырғаннан басқа иттер мен мысықтар қараусыз болып саналады және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын арнайы қызметтермен аулануға жатады;
23-2. Адамгершілік қағидаттарын сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштері негізінде қаңғыбас иттер мен мысықтардың саны ұрықсыздандыру және арнайы қызметтермен аулану бойынша реттеледі:
Қаңғыбас иттер мен қаңғыбас мысықтарды аулау және жою бойынша жұмыс наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын тұлғаларға рұқсат етіледі;
2
23-3. Қаңғыбас иттер мен қаңғыбас мысықтарды аулайтын арнайы қызмет арнаулы киіммен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ өзімен бірге рұқсат беру құжаттарын алып жүруі тиіс;
23-4. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар (оның ішінде асыл тұқымды) уақытша ұстауға арналған оқшаулағышқа жеткізіліп, онда иттер мен мысықтардың аса қауіпті ауруларының клиникалық белгілерін болдырмау үшін он тәулік болады;
23-5. Мойнында қарғыбау жетондары бар асыл тұқымды иттер мен мысықтардың ауланғаны туралы ақпараттар иттер мысықтарды аулайтын арнайы қызметтің әулеметтік желілерінде жарияланады;
23-6. Қаңғыбас иттер мен қаңғыбас мысықтар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда (агрессиялық мінез-құлық және/немесе құтыру ауруына күдік болғанда) оларды дереу жояды.
Мынадай мазмұндағы 23-7 және 23-8 тармақтармен толықтырылсын:
«23-7. Қаңғыбас иттер мен қаңғыбас мысықтарды аулау күндізгі уақытта жүргізіледі»;
«23-8. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мал көмінділерінде (биотермиялық шұңқырлар) немесе өлекселерді өртеуге арналған пештерде (инсинераторларда) жүзеге асырылады».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық
сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
А. ЕСІРКЕПОВ С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
15.01.2020
Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір
қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 296 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4506 тіркелген, 2015 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 445 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 296 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5837 тіркелген, 2018 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).
2. «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы
Аты-жөні
2
жоба
Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы №__ 2020 жылғы «__» қаңтар
Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №84 «Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №84 «Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5237 тіркелген, 2017 жылғы 26 және 27 қаңтарда «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидаларын бекіту туралы» ;
шешімнің 1 тармағында «Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидалары» сөздері «Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық
сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
А. ЕСІРКЕПОВ С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы
__қаңтардағы №__ шешімінеқосымша
2016 жылғы 12 желтоқсандағы №84
облыстық мәслихаттың шешіміменбекітілген
Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы
жануарларын асырау Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
3. Қағидалар меншік нысанына қарамастан, ауыл шаруашылығы жануарларын асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары - адамдар өсіретін ауыл шаруашылығы өндірісімен тікелей байланысты жануарлардың, құстардың, балықтардың және аралардың барлық түрлері;
2) қаңғыбас жануарлар - адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті ауыл шаруашылығы жануарлары;
3) ветеринарлық анықтама - уәкілетті органмен бекітілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін құжат;
4) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - ветеринария саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;
7) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
8) дезинфекция, дезинсекция және дератизация – жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды, инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын және кеміргіштерді жою жөніндегі кешенді іс-шаралар.
2. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау тәртібі
5. Ауыл шаруашылығы жануарларын тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, саябақтардан, хайуанаттар бақтарынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтану, сауда, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көпшілік демалыс орындарынан, балаларды сауықтыру лагерлерінен, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның салаларынан қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған (жабық) орындарда асырау керек.
6. Ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау барысында жеке аулаларда ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы жабдықталған орындарда асырауға жол беріледі.
7. Санитарлық, су қорғау аймақтарында, көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, ауыл шаруашылығы жерлерінде, басқа да қоғамдық көпшілік пайдаланатын орындарда қараушысыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары, қараусыз болып есептеледі және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімімен белгіленген, уақытша асырау үшін арнайы жабдықталған орынға иесі анықталғанға дейін қамалуы тиіс.
8. Егер жануарлардың меншік иесінің тұрған жерi белгiсiз болса, жануарларды ұстап алған адам осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы iшкi iстер органдарына және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне мәлiмдейді, олар меншiк иесiн iздестiру шараларын қолданады.
9.Жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде, жануарлар, оларды ұстап алған адамның өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдырылуы, немесе арнайы жабдықталған орынға уақытша тапсыруға тиіс.
10. Егер ауыл шаруашылығы жануарларын ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi. Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi.
11. Жануарлар басқа адамның меншігіне көшкеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген ретте, сол жануарлардың тарапынан өзiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн жағдайлар болған кезде меншiк иесi жаңа меншiк иесiмен келiсiм бойынша белгiленетiн шарттармен, ал келiсiмге келмеген кезде - сот арқылы оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.
12. Қаланың, ауданның және ауылдық округтердің тұрғын үй қорының пәтерлерінде (көп пәтерлі тұрғын үйлер) ауыл шаруашылығы жануарларын асырауға жол берілмейді.
13. Асыл тұқымды және ауыл шаруашылығы жануарларын молықтырумен, өсірумен, көбейтумен, асыраумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар:
1) ауыл шаруашылығы және асыл тұқымды жануарларды уақытылы бірдейлендіруді;
2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы және асыл тұқымды жануарларға уақытылы вакцина егуді және диагностикадан өткізуді;
3) оның түріне, жасына және физиологиясына сәйкес жануарлардың денсаулығына, әл-ауқатына қамқорлықты және пайдалануды;
4) айналадағы адамдардың және жануарлардың, сондай-ақ жануарлардың зиян келтіруінен мүліктің қауіпсіздігін;
5) ауыл шаруашылығы жануарларымен көлік жолдарының жанынан және одан өту кезінде олардың мінез-құлқын тікелей бақылау арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауды;
6) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалармен қағидалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
14. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды сақтай отыра, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруы;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын асырауды, өсiруді және пайдалануды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес жүзеге асыруы;
3) қоршаған ортаның ластануына жол бермей, аумақты, мал шаруашылығы жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды, аумақтарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауы;
4) асыраумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, өңдеу және өткізумен, сондай-ақ орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдаумен (орнын ауыстыруға) байланысты, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауы;
5) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені туралы;
өлген, бiрнеше ауыл шаруашылығы жануарлары бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауы және ауруға күдіктену кезінде ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринария саласындағы мамандар келгенге дейін оқшаулап асырауға шаралар қабылдауы;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге кедергiсiз беруі;
7) мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторлардың актілерін орындауы;
8) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей ауыл шаруашылығы жануарларын өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуі;
9) ауыл шаруашылығы жануарларын карантиндеуді жүргізуі қажет.
15. Кеміргіштермен күрес бойынша алдын алу іс-шаралары кеміргіштердің жемшөп, тіршілік ету және көбею орындарына жетуіне кедергі келтіретін жағдайлар жасаудан тұрады.
16. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтар жойылады немесе зарарсыздандыру (көң, төсеніш материалдары, жемшөп қалдықтары), зарарсыздандырылған қалдықтарды (ветеринариялық конфискаттар, жануарларды сойғаннан қалған қалдықтар) мал көміндісіне (биотермиялық шұңқырға) тастау, жемшөптік мақсаттарға кәдеге жарату немесе жағу арқылы кәдеге жаратылады.
3. Қорытынды ережелер
17. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор мен оның орынбасарлары және облыстың, қаланың, ауданның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары осы Қағидалардың сақталуын бақылауды және шаралар қолдануды өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.
18. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін, ауыл шаруашылығы жануарының иесі Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.
-------------------------------------------------------------
06.08.2019 жыл
Баспасөз хабарламасы
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015
жылғы 6 тамыздағы №296 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 27-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы №296 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бұл нормативтік құқықтық акті http://veterinary.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылып,
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 10 маусымғы № 01-2-28 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 10 шілдеде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 24 шілдеде аяқталды. Есептемені қарау 15 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.
24.07.2019
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015
жылғы 6 тамыздағы №296 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 27-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы №296 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4506 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2015 жылғы 18 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған ) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын.
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілетін қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин
27.11.2018
«Ақтөбе облысының Қобда ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 201 қаулысының күші жойылды деп тану туралы