Мемлекеттік ветеринарлық бақылау нысандарына есептік нөмірлер беру туралы

Есептік нөмір-өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код.
Есептік нөмірлер:
- ветеринариялық анықтама мен ветеринариялық сертификат берілгенде өндіріс объектісінің есептік нөмірін жазу үшін;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ауыл шаруашылығы малдарын тасымалдау кезінде керек.
Берілген есептік нөмірлер Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесіне (БАБЖ) тіркелген.
Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы жыл басынан 67 мемлекеттік ветеринарлық бақылау нысандарына есептік нөмірлер берді және 32 мал сою алаңына есеп нөмірлерінің мерзімдерін ұзартуыды растады.
Есептік нөмір мал сою алаңдарын қоспағанда, өндірістік объектіге (ЖШС, ШҚ, ЖК) барлық кезеңге беріледі. Мал сою алаңдарына есептік нөмірлер бір жылға беріледі және жыл сайынғы растауға жатады. Осы аумақта жаңадан ет өңдейтін және мал сою пункттері салынған уақытқа дейін беріледі.
Есептік нөмірлерді беру туралы өтініш, есептік нөмірлерді беруді жергілікті атқарушы органның ветеринария саласында жұмыс жасайтын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) республикалық маңызы бар қаланың, астананың кеңсесі немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.e.gov.kz.