Мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес мал иелері сойып сатуға арналған ауылшаруашылығы жануарларын арнаулы мал сою орындарында сойдыруы тиіс.
Ауыл шаруашылығы малдары арнаулы орындарда сойылуы үшін Ақтөбе қаласы мен аудандар, ауылдық/селолық округтер 77 мал сою орындарымен қамтамасыз етілген. Мал сою орындарында ауыл шаруашылығы малдары мал дәрігерінің бақылауымен сойылады. Сойылуға арналған малдың құжаттары(ветанықтама, ветеринарлық паспорт), дені саулығы (дене қызуы, басқа да ауруларға) тексеріледі. Мал сою пункттері мен етті қайта өңдеу мекемелері сойғаннан кейін ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізеді. Осы сатылардан өткізілген малдың етттері ғана сату орындарына жіберіледі. Алайда, малдар жеке аулаларда сойылуы мүмкін, бұл жағдайда мал өнімдеріне бруцеллез, туберкулез, паразитарлық т.б. аурулардың адамдарға жұғу қаупі туындайды.
Сондықтан, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік сақталмай, арнаулы мал сою орындарында сойылмаған, тексерілмеген мал өнімдерін сатып алудан сақтаныңыздар.
Мәрия Жарқынова
Ақтөбе облысының ветеринария
басқармасы ветеринариялық қауіпсіздікті
қамтамасу ету бөлімінің басшысы