«9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні»

Басқарма басшысы К.Қанадбаевтың төрағалық етуімен сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне байланысты семинар өткізілді. Семинарға басқарманың қызметкерлері қатысты.
Басқарма басшысы К.Канадбаев мемлекеттік қызметші қызмет бабын пайдаланып сыйлықтар алмау керектігін және сыйлықтарды қабылдаса қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертті. Мемлекеттік қызметшілердің сыйлықтарды қабылдау мен тарту етуге байланысты бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндірді.
Сонымен бірге, басқарма қызметкерлеріне «Сенің жоқ деуіңнің маңызы зор» атты бейне ролик көрсетілді. Сыйлықтан бас тарту – жемқорлықпен күрестегі сенің нақты қадамың!