Эхинококкоз

Жылауық құрт (эхинококкоз) – лента сияқты құрттардың бір түрі. Олар көбінесе иттің, қасқырдың, түлкінің аш ішегінде өсіп өнеді де, солардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды және қоршаған ортада ұзақ уақыт өсу қабілетін жоғалтпай сақтайды. Асқазанға түскен жылауық құрттың ұрығы сыртқы қабығынан айырылып ішек қатпарларына енеді, содан әрі қан тамырларына түсіп бауыр, өкпе, бүйрек, ми және басқа ағзаларға барып ұялайды. Уақыт өткен сайын ұялаған жерінде жылауық құрт өсіп өне бастайды. Олар көп ұялы және бір ұялы болып бөлінеді. Жылауық құрт қалтасы өсіп, сырқаттың белгісі біліне бастайды, құрт өскен жердегі ағзаның қызметі бұзылады. Аталған аурудың нағыз таратушы көзі ит пен мысықтар болып табылады. Ал сырқат ит күніне қоршаған ортаға яғни үйдің айналасына, аулаға, сәкіге мыңдаған жұқпалы жылауық құрт ұрықтарын шашады. Ол ұрықтар шөптер мен су арқылы малға, тамақ пен су арқылы адамға жұғады. Асыранды иттерді аулада байлап ұстау, нәжістерін өртеп жіберу, жыл сайын мал дәрігерлеріне тексеріп тұру, дәрі беру арқылы құрттардан тазартып тұру керек.
Тазалық-денсаулық кепілі. Сондықтан барлық жерде тазалықты сақтайық.
Базаров Иса Омарұлы
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ
ветеринариялық шараларды талдау, болжау
және ветеринариялық есеп бөлімінің басшысы –
мемлекеттік ветеринариялық дәрігер