2016-2017 жылдарға арналған Ақтөбе облысының әкімі, облыс прокуроры және ІІД-нің басшысы бірлесіп бекіткен ведомствоаралық басқа біреудің мүлкін ұрлаудың алдын алу іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы өз тарапынан, өз құзырындағы мәселелер бойынша жоспарға сәйкес мал ұрлығының алдын алу мақсатында халық арасында түсіндірме жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. Негізінен мал ұрлау фактілері көбіне ауылдық жерлерде тіркеледі. Себебі бұл ұрлықтар ауылда мал иелерінің немесе жеке қожалықтардың мал ұстауға қойылатын талаптарды орындамай, оған салғырт қарағандықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ветеринария саласындағы заңнамалар мен талаптарының бұзылуына себепші болады.
Бұл жәйттарды атап айтатын болсақ, мал иелерінің немесе жеке қожалықтардың иелері:
- басқа жерден мал басын сатып алғанда (қан сынамасы алынып, зертханадан нәтиже келгенше карантинге қойылуы тиіс),
- қарауындағы малдары туған кезде (малдың түріне қарай уақытылы сырғалануы керек),
- жеке басына пайдалану үшін сойғанда (арнайы жабдықталған мал сою алаңдары мен пункттерінде сою),
- өз керегіне жұмсау мақсатында сатқанда (міндетті түрде ветеринариялық бөлімнен ветеринариялық анықтама алу),
- белгісіз себептермен өліп қалғанда (малдың өлген себебін анықтау, белгілі бір ауруға күдік тудырса зертханаға пат. материал жіберу) міндетті түрде жергілікті жерлердегі ветеринариялық бөлімдерге немесе ветеринариялық пункттердегі мал дәрігерлерімен хабарласып, керекті ақпаратты сұрай келе міндетті атқарылатын шараларды ақылдасып орындаулары қажет.
Осы жоғарыдағы жұмыстар жүргізіліп отырған жағдайда ғана малдың қозғалысы үнемі бақылауда ұсталып, ұрлықтың алдын алуына мол ықпал етеді.