Паразитарлық және зооантропонозды жұқпалы аурулардың алдын алу

Ағымдағы жылдың 15 наурызында паразитарлық және зооантропонозды жұқпалы аурулардың алдын алу сұрақтары бойынша өндірістік кеңес өткізілді. Кеңеске Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының, Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімінің, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының, Ақтөбе қалалық инспекциясының, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшылары, Ақтөбе облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары және Ақтөбе қалалық ветеринарлық станциясының, Республикалық ветеринарлық зертханасының Ақтөбе облыстық филиалының директорлары қатысты.
Кеңес барысында Ақтөбе облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің карантин және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Т.Нургалиева облыстағы 2016 жылдың қорытындысы бойынша зооантропонозды инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайы және келелі мәселелері туралы баяндады.
Сонымен бірге, Ақтөбе облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы А.Калиева эхинококкоз, токсоплазмоз, дерматомикоз ауруларының алдын алуда атқарылатын іс-шаралар және иттерге жоспар бойынша дегельминтизация жүргізу, паспорттау, қаңғыбас иттерді жою мәселелері туралы және Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы К.Канадбаев Ақтөбе облысының эпизоотия жағдайы туралы мәлімдеме жасады. Кеңес соңында қойылған сұрақтар талқыланды.