Ветеринариялық сұрақтар бойынша көшпелі жиналыс өткізілді

Ағымдағы жылдың наурыз айының 15-17 күндері аралығында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Ж.Жұлдызбаевпен Ақтөбе облысының ветеринария басқармасының ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы К.Килибаева бірлесіп Алға, Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандарына сол ауданның ветеринария бөлімінің мамандарының, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы басшысының және аталған аудандардың ветеринария бөлімдері мамандарының қатысуымен көшпелі жиналыс өткізді.
Күн тәртібінде облыс бойынша эпизоотологиялық ауқат, жануарларды вакцинациялау, соның ішінде биопрепараттардың нұсқауы бойынша пайдалану мен дұрыс сақтау мәселелері талқыланды.
Бұл жиналыста ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету туралы және ірі қара малдардың нодулярлық дерматиті бойынша сұрақтар қаралды.