Мал ұрлығының алдын алу

Бекітілген ведомствоаралық жоспарға Ақтөбе облысының ветеринария басқармасының, ҚР АШМ Ветеринарных бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының, Облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің және Криминалдық полиция басқармасының өкілдерімен ағымдағы жылдың қаңтары мен наурыз айлары аралығында қала базарлары мен мал базары аумағында рейд жүргізілді.
Рейд кезінде ауыл шаруашылығы малдарын тасымалдаған автокөліктер тексерілді.
Батыс Қазақстан облысынан Р.Сүттібаев 2 бас қой ұшасын, Қостанай облысынан Ә.Жиеналин 7 бас ірі қара малын, Қобда ауданынан А. Алмағамбетова 1 бас ірі қара малы мен 2 бас қой ұшасы және М.Ахетов 5 бас қой ұшасын, Әйтеке би ауданынан Ш.Арыстанбек 1 бас жылқы ұшасын ветеринарлық анықтамасыз мал базарына сатуға әкелгендері анықталып, барлығына да 22 690 тенгеден айыппұл салынды.
Облыс бойынша басқаның мүлкін ұрлаудың алдын-алу бойынша комиссия құрылып, комиссия мүшелері әр аудандарға бекітілді. Комиссия мүшелері жиі рейдке шығып, тиісті ілеспе құжаттары жоқ малды тасымалдау фактілерін анықтап, алдын алу жұмыстарын жүргізеді.