Алға ауданындағы кешенді жаттығу

Ағымдағы жылдың 16-18 мамыры аралығында Ақтөбе облысының басқару органдарын және азаматтарды қорғау бойынша 2017-2019 жылдарға арналған іс-шараларына жоспарына сәйкес Алға ауданының аумағында «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде немесе қауіп төнгенде басқару органдарының, авариялық – құтқару қызметтері мен тұрғындардың іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша аудандық кешенді жаттығу өткізілді. Жаттығуға Алға қаласының және аудандық әкімдіктердің төтенше жағдайлар бөлімдері, эвакуациялау органдары, АҚ қызметтері, авариялық-құтқару қызметтерінің ұйымдары мен құрылымдары тартылды. Нұсқаушы ретінде облыстық «Жануарлармен өсімдіктерді қорғау» қызметінің штаб бастығы Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы ветеринариялық шараларды талдау, болжау және ветеринариялық есеп бөлімінің басшысы
И.О. Базаров қатысты.