ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллиннің төрағалығымен мал сою пункттерінде және ішкі сауда обьектілерде ветеринариялық санитариялық бақылау мәселелері жөнінде жиналыс өтті.Жиналысқа Ақтөбе қалалық және аудандық ветеринариялық-санитариялық сараптама зертхана меңгерушілері мен мал сою пункттерінің ветеринариялық дәрігерлері қатысты.Күн тәртібі бойынша облыстық ветеринария басқармасының басшысы К.Қанадбаев баяндама жасады. Сонымен қатар, «Аида» ЖШС зертхана меңгерушісі А.Масабаеваның баяндамасына сәйкес, ветеринариялық-санитариялық сараптама мәселелері кеңінен талқыланды.Жиналыс барысында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена кафедрасының профессорлары К.Ромашев пен Б.Бараховтың қадағаланатын өнімдерді ветеринариялық-санитариялық сараптауды ұйымдастырудың және өткізудің заманауи талаптары жөнінде баяндамалары тыңдалды.Аталмыш университеттің профессоры ветеринария саласындағы заманауи құрылғылары мен дәрі-дәрмектерімен таныстырып, зертхана меңгерушілері мен мал сою пункттерінің ветеринариялық дәрігерлері біліктілігін арттыру курстарына оқытуды ұсынды. Баяндамашылар жиналысқа қатысушылардың тарапынан қойылған сауалдарына нақты жауаптар берді.