Пастереллез

Пастереллез – жануарлар арасында кездесетін жұқпалы ауру. Негізгі қоздырғыштары ауырған, ауырып жазылған жануарлар, жабайы жануарлар мен кеміргіштер организмінде болады.
Пастереллезбен ауырған жануарлардың тыныс алу жолдары, ішек-қарын жолдарының кілегейлі қабығы қабынып, тамыр соғысы жиілейді, дене қызуы көтеріледі. Азыққа тәбеті нашарлайды. Тыныс алу жолдары қабынған кезде танаудан іріңді сұйық ағады, жөтеліп, көзінде конъюктивит пайда болуы мүмкін. Ішек-қарынның кілегейлі қабығы қабынған жағдайда іші өтеді, әлсірейді, бас-мойнында ісіну пайда болады. Ауру асқынса мал өлімге ұшырайды.
Аурудан сақтандыру шаралары қора-жайларды таза ұстау, мал күтімін жақсартып, ветеринарлық-санитариялық шараларды қатаң сақтау керек.