Сібір жарасы

Сібір жарасы (қойда - топалаң, жылқыда - жамандат, ірі қарада - караталак, түйеде - ақшелек, қарабез) мал және жабайы жануарлардың бациллус антрацис микробы коздыратын, жіті түрде өтетін аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі болып табылады. Бұл аурумен адам да (түйнеме, күйдіргі) ауырады. Сібір жарасы кең тараған ауру.
Сібір жарасының негізгі қоздырғышы - індетке шалдыққан жануарлардың зәрі және т.б арқылы тарайды, негізінен таралуына етқоректілер мен жыртқыш құстар да себепкер болып табылады. Осы аурудан өлген жануарларды сойып ішін жаруға болмайды және қатаң тыйым салынады. Себебі өлген немесе сойылған малдың терісі, еті, жүні т.б арқылы індеттің ауру қоздырғышы сыртқы ортаға таралады.Сібір жарасы малға оларды ауру коздырғышымен ластанған жайылымдарға жайып баққанда, шөп, су арқылы тарайды. Ауру негізінен жаз айларында өршиді.
Топалаңға ұшыраған қой тісін қышырлатып, бағытсыз қозғалады, денесі кұрысып, аузынан, мұрнынан, артқы ішегінен қанды көбік ағады. Індет жіті жағдайында малдың қызуы көтеріледі, мал қимылсыз күйзеліп, көз айналасы қанталап, ауыз және тыныс кілегей қабығы көгереді.