Құтыру ауруынан сақ болыңыздар!

Тұрғындардың есіне! Далалықта немесе ауыл, қала аумағында кездескен жабайы аңдарға, иесіз ит мысықтарға жақындамауды сұраймыз! Құтыру ауруының белгілерінің бірі- жабайы аңдардың (түлкі, қасқыр, т.б.) мінезі күрт өзгеріп, жуасып, адамдардан қорықпауы мүмкін. Оларды ұстау, тамақтандыру, қолға алу, сипау қауіпті екенін есте ұстаңыздар!!! Жануар тістеген, тырнаған және сілекейінен залал тартқан адамдардың барлығы медициналық көмекке жүгінуі қажет. Сонымен қатар, құтыру белгісі байқалған жануардың иесі жергілікті жердің ветеринар маманына хабар беруі тиіс.