Қарасан ауруы

Қарасан (лат. Gangrena emphysematosa, орыс. эмфизематозный карбункул) — жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жануарлардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы - лат. Clostridium chauvoei.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар, алиментарлық жолмен және зақымданған тері арқылы жұғады. Қоздырушысының денеге таралуы ауыздың кілегейі қабығының бүлінуі, ішек-қарынның қабынуы, қойларға негізінен тері арқылы, қырыққан кезде жұғады.
Ауруды болдырмау үшін малды балшықты, ағынсыз су көздерін суаруға, сазды жайылымдарға жаюға, топырақпен былғанған жемшөп беруге болмайды. Мал қоралар мен жайылым аумағын ветеринариялық-санитариялық, гигиеналық жағдайына үнемі бақылау жасап, жануарларды жарақаттанудан сақтау керек.