Маңқа ауруы

Қоздырғышы - маллеин бактериясы. Маңқа ауруы кезінде жылқы мұрнынан қан аралас жалқаяқ ағады. Бұл індетке шалынған малдың өкпесінде, ішкі тыныс алу органдарының кілегей қабықтарында түйнек пайда болады. Ол асқынған кезде жараға айналады. Маңқамен жылқы, есек, қашыр, лабораториялық жануарлардан маңқаға теңіз шошқасы ғана шалдығады.
Маңқа қоздырғышы ауру мал денесінен сыртқа танау суы, қақырық арқылы, сондай-ақ терідегі уытты жара арқылы шығады. Маңқа ауру малдан сау малға өзара жанасқан кезде жұғады, сондай-ақ ол микроб қонған азық арқылы, суат, қора, ат әбзелі мен құрал-саймандары арқылы да жұғады. Малға қарап жүрген адам өзі ауру қауіпі бар және ауру таратуы мүмкін. Профилактикалық шараларға, малды азықтандыру, суару, күту, бағу жатады. Малды күтушілердің жеке гигиенасын сактау (арнайы киіммен камтамасыз ету, дизенфекциялық және жуушы дәрі - дәрмектер бөлу т. б) керек.
Жануарларды аурудан сақтандыру мақсатында мал фермаларын қоршау, суды, суғару суаттарын реттеу, мал азықтарын үнемі тексеріп, малдарды малдәрігерлік тексеруден өткізіп отыру қажет.