2018 жылдың 21-23 тамыз күндері Құрбан айт мерекесі өтті

Құрбан–Айт мұсылмандардың ең басты мерекелерінің бірі.Санитарлы-эпидемиологиялық қағидалар мен талаптарды сақтау үшін Ақтөбе қаласының әкімдігімен малды құрбандыққа шалу үшін арнайы орындар белгіленді, соның ішінде:
«Есік» ЖШС ет комбинаты (Мал базар ауданы).Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы тарапынан ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрбандыққа шалынатын малдың ветеринариялық - санитариялық талаптарды сақтай отырып сойылуын және мал етінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ветеринариялық құжаттарының болуын қатаң бақылауға алынды.