Мал ұрлау бойынша рейд жүргізілді

Бекітілген ведомствоаралық жоспарға сәйкес 2018 жылдың қаңтар, сәуір, маусым, шілде айларында облыстың, қаланың базарлары мен мал базары аумағында рейд жүргізілді.
Рейд барысында ауыл шаруашылығы малдарын тасымалдаумен айналасатын автокөліктер тексерілді.
Тиісті ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз (анықтама) малды тасымалдаушы тұлғалар анықталды:
Ақтөбе қаласы бойынша 22 бас қой, 2 бас жылқы ұшасы, 1 бас жылқы әкелген тұлғалардың әр қайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 48100 теңгеден айыппұл салынды.
Мұғалжар ауданы бойынша Қандағаш-Ақтөбе тас жолында 1 заң бұзышұлық анықталып, жеке тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 24050 теңге айыппұл салынды.
Байғанин ауданы бойынша Ақтөбе-Атырау тас жолында ветеринариялық анықтамасыз әкелген 4 бас сиыр екі тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 24050 теңгеден айыппұл салынды.
Қобда ауданы бойынша Ойыл ауданының тұрғыны 1 бас қойды ветеринариялық анықтамасыз әкелінген мал иесіне 24050 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Облыс бойынша басқаның мүлкін ұрлаудың алдын алу бойынша комиссия құрылып, мүшелері әр аудандарға бекітілді. Комиссия мүшелері жиі рейд ұйымдастырып, тиісті ілеспе құжаттары жоқ мал тасымалдау фактілерін анықтайды, және олардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізеді.