Ветеринария саласының басты бағыттары

Ветеринария саласының басты бағыттары:
- ауыл шаруашылығы малдарының аса қауіпті жұқпалы ауруларының, энзоотиялық аурулардың алдын алу, бруцеллезге т.б. жұқпалы ауруларға диагностикалық зерттеуге биоматериалдар тапсыру, туберкуллезге аллергиялық зерттеу, ауыл шаруашылығы малдарын толық бірдейлендіру және бірдейлендіру дерекқорымен жұмыс жүргізу, ішкі сауда объектілерінде ветеринария саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Алдын алу жұмыстарының дер кезінде өткізілуі нәтижесінде облыс аумағында соңғы жылдары сібір жарасы, аусыл сияқты аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ.
Ақтөбе облысы бойынша 2018 жылдың 8 айға жоспарланған барлық ветеринариялық алдын алу және диагностикалық тексеру жұмыстарын бекітілген жоспарға сәйкес орындалды.
437 758 бас мүйізді ірі қара малдары, 1074341 қой-ешкілер бруцеллезге зерттелді. Облыстық ветеринариялық зертханасының мәліметіне сәйкес, бруцеллезге шалдығу көрсеткіші МІҚ- 0,5%, 2017 жылмен салыстырғанда 0,2% төмендесе, ҰҚМ - 0,08%, былтырғы жылдың көрсеткіш деңгейінен 0,02% төмендеді.