ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасымен кездесу

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Өтегұлов облыстың ветеринария мамандары мен шаруа қожалық басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында ветеринария саласындағы проблемалық мәселелері талқыланып, ветеринария заңнамасына енгізілетін өзгерістер туралы айтылды.