ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Бүгін қазан айының 22 күні, Әйтеке би ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі М.Е.Ибрашовтың төрағалығымен ішкі сауда обьектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау туралы отырыс өтті. Жиналысқа – ауылдық округ әкімі, ветеринария саласы, қоғамдық денсаулық сақтау, жергілікті полиция, білім саласы мамандары және ет сатумен айналысатын жеке кәсіпкерлер қатыстып, халықты ветеринариялық – санитариялық талаптарға сәйкес сапалы, таза өніммен қамтамасыз ету бойынша баяндамаларды тыңдады. Аталған отырыс барысында аудан басшысы аудандағы ет сатумен айналысатын кәсіпкерлердің ветеринариялық- санитариялық талаптарға сәйкес ет өнімдерін сатуына және ветеринариялық санитариялық сараптамадан өтуіне, сондай-ақ ветеринария саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тиісті мекеме қызметкерлеріне тапсырмалар берді.