Облыс әкімінің орынбасары М.Абдуллиннің төрағалығымен облыс аумағында ауыл шаруашылығы малдарының аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу бойынша кеңес өтті

Ағымдағы жылдың 17 қазанында облыс әкімінің орынбасары М.Абдуллиннің төрағалығымен облыс аумағында ауыл шаруашылығы малдарының аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу бойынша кеңес өтті. Кеңеске облыстық ветеринария басқармасының, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы мамандары, қалалық, аудандық ветеринария бөлімі басшылары мен ветеринариялық стансаларының директорлары қатысты.Күн тәртібіне сәйкес облыстағы ауыл шаруашылығы малдарының ішкі мәселесі және жануарлардың бруцеллез ауруы бойынша қолайсыз пункттерде сауықтандыру шараларының орындалуы талқыланды.